• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК ЕАЭО трансшекаралық нарықтарында бәсекелестікті қорғау мәселесін талқылады

ЕЭК ЕАЭО трансшекаралық нарықтарында бәсекелестікті қорғау мәселесін талқылады

4 Сәуір, 2015 13:02
Алматыда Еуразиялық экономикалық комиссия «Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің трансшекаралық нарықтарында бәсекелестікті қорғау» тақырыбында кеңес өткізді.

Кеңес барысында трансшекаралық нарықтарда бірдей бәсекелестікті сақтау, бәсекелестікке қарсы келісім мен экономикалық қызметті үйлестіру, шаруашылық субъектілерінің мәселелері талқыланды.

Астық саласындағы бәсекелестік ерекше назарға алынды, ЕАЭО негізінде жеке меншіктегі тауарға трансшекаралық нарықта сауда тиым салынған, деп хабарлады ЕЭК сайты.

Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу Коллегия министрі Нұрлан Алдабергенов 2015 жылдың 1 қаңтарында құрылған  ЕАЭО келісіміне сәйкес, трансшекаралық нарықта бәсекеге қарсы келісім мен жосықсыз бәсекеге бақылау орнатылды.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ЕАЭО құқықтық базасы бойынша ортақ бәсекелестік тәртіптерін сақтауды енгізу қажет.

Шара аясында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ЕЭК мен Корея Республикасы арасында электрондық мемлекеттік сатып алулар саласында келісім орнатылды.

Барлық жаңалықтар