• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО жас суретшілерінің 23 үздік еңбегі Мәскеуде өтетін халықаралық байқауға жол тартты

ШҚО жас суретшілерінің 23 үздік еңбегі Мәскеуде өтетін халықаралық байқауға жол тартты

5 Сәуір, 2015 15:46
Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай, Өскемен қаласында мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ««Біз естеліктерімізбен қуаттымыз» шығармашылық конкурсы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Жас ұрпақтың азаматтық-патриоттық тәрбиесін күшейту, Отан тарихына деген қызығушылығын арттыру, ҰОС батырларының рухын жаңғырту, шығармашыл жас дарындарды қанаттандыру мақсатында ұйымдастырылған конкурсқа 6 мен 16 жас аралығындағы жас қылқалам шеберлері бақ сынасты қатысты. Байқауға қаланың барлық мектептерінен 130-ға жуық сурет келіп түсті.

Сайыс қорытындысында 1-4 сынып аралығындағы балалар ішінде «Құттықтау қағазының дизаины» номинациясы бойынша 1 орынды Өскемен қаласының №19 мектебінің оқушысы 9 жастағы Алина Бондарь иеленсе, 14-16 жас аралығында аталмыш номинацияда 1-ші орынға «Ардагерлер сіздерге рахмет» еңбегімен Артем Сергеев ие болды.

«Сурет» номинациясы бойынша 1 орынды 1-4 сынып аралығындағы балалар ішінде Виктория Далингер, 5-7 сынып аралығындағы дарындар ішінде «Әлия Молдағұлова» еңбегімен Настя Тимофеева қанжығасына байлады. 8-10 сынып аралығындағылар ішінде аталмыш номинацияда "Мәншүк" еңбегімен Алиса Петрова топ жарды.

Байқау қорытындысы бойынша, жеңімпаздардың 23 үздік еңбегі 2015 жылдың 9 мамырында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуде өтетін «Мәңгі естелік» ІІІ Халықаралық шығармашылық байқауына жолданды.

Барлық жаңалықтар