ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов БАӘ-нің Энергетика министрін қабылдады

8 Қазан, 2013 17:51
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов KAZENERGY VIII Еуразиялық энергетикалық форумына қатысуға келген Біріккен Араб Әмірлігінің Энергетика министрі Сухейл Мұхаммед әл-Мазруиді қабылдады.

Кездесу барысында сауда-экононмикалық, инновациялық, мұнай-газ саласында біріккен жобаларды іске асырудың өзара  жұмыс істеу мәселелері талқыланды.

«Біріккен Араб Әмірлігі Қазақстанның маңызды әріптесі болып табылады. Астана сапары мұнай-газ және энергетика саласындағы әріптестікке серпін береді», - деді С.Ахметов.

Өз кезегінде Сухейл Мұхаммед әл-Мазури «ҚР мен БАӘ арасындағы іскерлік жұмыстардың нығаюы жолында маңызды қадам болатын экономиканың басым салаларында бірлескен жобалардың іске асуының маңызын  атап өтті.

 

 

Барлық жаңалықтар