• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИСЕСКО басшысы V Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуын қуаттады

ИСЕСКО басшысы V Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуын қуаттады

4 Сәуір, 2015 12:18
Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Берік Арын Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі ислам ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Әбдел Әзиз Ат-Туэйджримен кездесіп, оған Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы Қ. Тоқаевтың осы жылдың 10-11 маусымда Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне қатысуға жолдаған шақыруын табыс етті.

ҚР СІМ хабарлағандай, өзара сұхбат кезінде қазақстандық Елші ИСЕСКО басшысына V Съездің күн тәртібі және еліміздегі маңызды саяси оқиғалар туралы жалпы ақпарат бере отырып, 26 сәуірге жоспарланған кезектен тыс президенттік сайлауға дайындық барысымен таныстырды.

ИСЕСКО Бас директоры ҚР Сенатының спикері Қ. Тоқаевтың арнайы шақыруын ризашылықпен қабыл алып, өзінің Съезд жұмысына қатысатынын растады.

Ә. Ат-Туэйджри Қазақстан Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Съездің дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытуда жоғары рөлін атап өтті.

 

 

 

Барлық жаңалықтар