- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық және ресейлік құтқарушылар тәжірибе алмасты
Қазақстандық және ресейлік құтқарушылар тәжірибе алмасты
ҚР ТЖК хабарлағандай, делегация құрамында өртке қарсы қызмет Бас басқарма бастығының орынбасары ішкі қызмет полковнигі Вячеслав Петрович Тераз және Қорғау, мониторинг және ТЖ алдын алудағы Омбы облысы бойынша РФ ТЖМ Бас басқармасы бастығының орынбасары – азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы полковник Андреев Андрей Анатольевич.
Келудің негізгі мақсаты, шекаралық су объектілерін бірлесіп қолдану және қорғау бойынша Қазақстандық – Ресейлік жұмыс тобының бірінші отырысына қатысу және шекаралық ТЖ пайда болған кезеңінде күштер мен құралдар топтарының өзара-әрекеттесу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қою.
«Ресейлік құтқарушылар және делегацияның басқа мүшелері келудің бірінші күні Ертіс өзені бойынша гидрологиялық, гидрометеорогиялық, гидрохимиялық және су шаруашылық ақпаратымен алмасу регламентін талқылады және қабылдады. Өзінің сөзінде А.А.Андреев Павлодар облысы ТЖ департаментінің жедел қызметтеріне Жоғарғы ертіс каскады су қоймасынан табиғатты қорғаудың су жіберулері және мұздың қозғалуы кезінде уақытында және ақпарат алмасқандығы үшін алғысын білдірді», - делінген хабарламада.
Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі демеркуризациялық жұмыстар жүргізілген бұрынғы химия зауыты аумағында Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіп аймағында қоршаған ортаның мониторингісі. Ресейлік тараптың ұсынысы бойынша жұмыс тобының келесі отырысын 2015 жылдың тамызында Омбы қаласында өткізу ұсынылды.
Екінші күні ресейлік құтқарушылар Павлодар облысының ТЖ департаментіне келді. Делегацияны Департаменттің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі А.А.Длимов қарсы алды. ТЖ аумақтық органның басшысы қонақтарды ТЖ департаментінің қызметімен таныстырып, бірлескен ынтымақтастықтың негізгі міндеттеріне тоқталып кетті.
Кездесу нәтижесі бойынша Омбы облысы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасы және ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті арасындағы 2015 жылға өнеркәсіптік, стихиялы апаттар және олардың салдарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
Екінші бірлесіп әзірленген және бекітілген құжат бұл – Қазақстан Республикасының Павлодар облысы және Ресей Федерациясының Омбы облысы шектесетін аумақтарда табиғи және техногендік сипаттағы шекаралық төтенше жағдайлар қауіпінің каталогі. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ ықтимал шекті аумақтарында Қазақстан тарапының бес және Ресейлік сегіз елді мекені орналасқан.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар