• Басты
  • Жаңалықтар
  • Емханалардың аралас типте жұмыс жасауға ауысуы медициналық қызметтің сапасын арттырады – ДСӘМ

Емханалардың аралас типте жұмыс жасауға ауысуы медициналық қызметтің сапасын арттырады – ДСӘМ

4 Сәуір, 2015 13:43
Емханалардың аралас типте жұмыс жасауға ауысуы, денсаулық сақтай жүйесіне жалпы тәжирибе дәрігерлерін енгізу және жаңа бағдарламалар бойынша медициналық кадрларды дайындау халыққа көрсететін медициналық қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

«Емханалардың аралас типте жұмыс жасауға ауысуы 2005 жылы ҚР Денсаулық сақтау саласын реформалаудың және дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберінде басталды. Бүгінгі күні республикада 161 жеке емхана, олардың ішінде 154 - аралас типтегі, 7 – балалар емханасы (Алматы қаласында – 5, Маңғыстау облысында – 1, Оңтүстік Қазақстан облысында - 7) бар. Дегенмен, аралас типтегі емханалардың енгізілуіне қарамастан, балаларды қабылдау бөлек жүргізіледі, балалар үшін бөлек тіркеу орны және емханаға кіретін бөлек есік бар», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2005 жылдан бері жалпы тәжирибе дәрігерлерін (бұдан әрі - ЖТД) дайындау басталды. ЖТД – жынысына, жасына және сырқаттың сипатына қарамастан, дәрігерлік учаскесінде тіркелген жеке тұлғаларға, отбасы мүшелеріне және бүкіл контингентке медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге рұхсаты (мемлекеттік лицензиясы), тиісті білімі бар дәрігер. Пациенттерді отбасылық принциппен жүргізу Ұлыбритания, Финляндия сияқты және т.б. елдердің ең үздік халықаралық тәжірибесіне негізделген. Олардың тәжирибесі 80%-дан астам медициналық қызметті азаматтар МСАҚ деңгейінде алатынын көрсетеді.

2014 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша, ҚР жалпы тәжирибе дәрігерлері 3,6 мың. адамды, ҚР дәрігерлерінің жалпы санының 38,5% құрайды.

ҚР Денсаулық сақтау саласын  дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының 2-кезеңі (2014-2015 ж.ж.) шеңберінде амбулаториялық деңгейде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі принциптерін енгізілуі басталып, жеке мамандардың міндеттерінің бөлігін беру арқылы ЖТД қызметі кеңейді, МСАҚ ұйымдары дәрігерлерінің мотивациялау тетіктері енгізілді.

Сонымен қатар, үздік халықаралық тәжірибелерді есепке ала отырып, ЖТД базалық дайындау бағдарламалары қайта қарастырылды – бірінші курстан бастап балалардағы ауру ағымының осы немесе басқа болуын міндетті түрде айқындай отырып бейінді оқыту жүргізіледі. 14 өзектендірілген бағдарламалар бекітілген, ол бойынша 2014 жылы МСАК ұйымдарында жұмыс жасайтын 1327 маман оқытылды. Оған қоса, 2014 жылы «жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандығы бойынша 490 адам қайта мамандандырылды, ағымдағы жылы мемлекеттің қаражаты есебінен 500-ден аса МСАК мамандарын  ЖТД (учаскелік терапевттер мен учаскелік педиатрларды) қайта оқытуға қосымша қаражат жоспарланған.      

Аталған шаралар 2020 жылы ҚР жалпы дәрігерлердің ішінде ЖТД санының 50% -ға дейін өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар,  2007 жылдың қырқүйегінен бастап еліміздің барлық медициналық ЖОО-да клиникалық дәрігерлерді даярлау ұзақтығын арттыруды қарастыратын медициналық кадрларды (с.і. педиатрларды) оқытудың жаңа бағдарламасы енгізілілгенін атап өту қажет. Қазір бала дәрігері болу үшін кемінде 9 жыл оқу қажет: 7 жыл базалық медициналық білім және 2 жылдан 4 жылға дейін (мамандандыруға байланысты) – резидентураға даярлау.

Қазақстаннның барлық ЖОО-да педиатрия және балалар хирургиясы кафедралары және осы дисциплиналар шеңберінде кадрлық потенциал сақталған.

Соңғы жылдары резидентура түлектері санының артқаны байқалады. Яғни, 2011 жылы резидент түлектерінің саны 140 болса, 2014 жылы – 611, 2015 жылы 700 ден аса мамандардың салаға келуі күтілуде.

Резидентураға дайындауда мемлекеттік тапсырысты реттеуді есепке ала отырып осы немесе басқа бейіндегі мамандардың нақты қажеттілігіне қарай дәрігерлердің жетіспеушілік мәселелесі алдағы жылдары шешілетін болады.

Оқыту ұзақтығын арттыру және резидентураның міндеттілігін енгізу болашақ мамандардың деңгейін едәуір көтеруге мүмкіндік береді.  

 

Барлық жаңалықтар