- Басты
- Жаңалықтар
- Бухарестте Қазақстан мен Румыния арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
Бухарестте Қазақстан мен Румыния арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстанның Жаңа экономикалық саясаты «Нұрлы Жол» орындау шеңберінде, басым бағыттар қатарында өнеркәсіп, мұнай-газ жабдықтары және көліктік-транзит салалары белгіленді. Екі елде де дамуына үлкен мән берілетін туристік өнеркәсібі бағыты бойынша да ықпалдастықтың зор мүмкіндіктері бар.
Қазақстан мен Румыния арасындағы сауда айналымын ұлғату қажеттігі атап өтілді. Бұл тұрғыда, сұхбаттасушылар екі елдердің іскерлік топтары арасындағы байланыстарды, соның ішінде сауда-өнеркәсіп палаталарының желісі бойынша ұлғайту мен нығайту қызығушылығын танытты. Осы орайда, ү. ж. мамырда Бухарестте кезекті отырысының өткізілуі жоспарланған Сауда-экономикалық пен ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі қазақстандық-румын Үкіметаралық комиссиясының рөлі атап өтілді. Сонымен қатар, іскерлік байланыстарды жандандыруға қосымша серпін беретін екіжақты бизнес-форумдарды өткізу болатындығы да айтылды.
Румынияның экономика министрі өзара тиімді мен ұзақ мерзімді негізінде Қазақстанмен кең ауқымды ынтымақтастығына құштарлығын құптай отырып, елдеріміз арасында стратегиялық серіктестік құруына елеулі әлеуетін атап өтті.
М. Тудосе Румынияның географиялық орнын, ірі кеме жүретін өзендер мен теңіз порттарының және де тиісті көліктік күре жолдарын атап өтіп, осы әлеует қазақстандық тауарлардың транзитіне зор мүмкіндік беретіндігін айтып, Румыния «Қазақстанның Еуропаға барар қақпасы» бола алатындығын атап өтті.
Д. Батырашев, өз кезегінде, «Қазақстан-2050» Стратегиясы және «Нұрлы Жол» Қазақстанның Жаңа экономикалық саясатына сәйкес еліміздің индустриалды-инновациялық даму басымдықтарымен таныстырды.
Қазақстан Елшісі еліміз кешендік жаңғырту бағдарламаларын іске асыра отырып, әлемнің алдыңғы қатарлы тәжірибесі мен инновациялық технологияларын Қазақстанға тартуына үлкен мән беріп, өзара тиімді ынтымақтастыққа қолайлы жағдай жасайтындығын айрықша айтып өтті.
Қазақстан Президентінің халықаралық бастамаларын қолдауына алғысын білдіріп, ҚР Елшісі Румыния өкілдерін Астанада өткізілетін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмысына белсенді қатысуына шақырды. Сонымен қатар, Румынияның Экономика министріне ү.ж. мамырда өтетін VIII Астана экономикалық форумына шақыруы табыс етілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция