• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәскеуде Д.Назарбаева РФ Мемлекеттік Думасының төрағасымен кездесті (Фото)

Мәскеуде Д.Назарбаева РФ Мемлекеттік Думасының төрағасымен кездесті (Фото)

3 Сәуір, 2015 19:51
Ресей Федерациясына жұмысы барысында Мәжіліс төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен қазақстандық делегат РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Мемлекеттік Дума төрағасының бірінші орынбасары А.Жуковпен, салық және бюджет бойынша комитет төрағалары А.Макаров пен жемқорлыққа қарсы және қауіпсіздік комитетінің басшысы И.Ярова, сондай-ақ, ТМД істері мен отандастармен  еуразиялық интеграция байланысының басшысы Л.Слуцкимен кездесті.

«Сапардың мақсаты мен кездесулерді өткізу қаржылық, салық және бюджеттік салада қауіп-қатер туған жағдайда тәжірибе алмасу болды. Сондай-ақ, парламентаралық қарым-қатынастың өзекті бағыттарын талқылау қозғаушы күшке айналды», - делінген хабарламада.

Ерекше назарға  салық заңнамасының дамуы, парламенттің үкімет жән өзге органдармен байланысы алынды.

Ресейлік әріптестер «Капиталдардың амнистиясы туралы» заң жобасымен қоса, РФ Есеп палатасының қызметін жетілдіру мақсатында жүзеге асып жатқан шаралармен бөлісті.

Сондай-ақ, тараптар екі елдің заңнамалық  органдарының өзара қарым-қатынасы ақпараттану мен заң шығармашылығының үйлесімінде белсенді болуының маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандық делегат РФ Мемлекеттік Думасына сапарында бюджет және салық бойынша комитет отырысына қатысты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша парламентаралық ынтымақтастық туралы келісім орнатылды. 

Барлық жаңалықтар