- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Ыдырысов Бішкекте өткен ТМД-ның СІМК-нің мәжілісіне қатысты
Е.Ыдырысов Бішкекте өткен ТМД-ның СІМК-нің мәжілісіне қатысты
Күн тәртібінің жобасы ТМД шеңберінде ықпалдастық пен ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты 15-тен астам мәселелерден тұрды.
Қазақстан тарапының бастамасымен Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сыртқы саяси мекеме басшылары ЕҚЫК Қорытынды актісіне қол қойылуының 40-жылдығына орай біріккен мәлімдеме қабылдады. Мәлімдемеде олар Хельсинки актісінің негізгі қағидаларына бейілділігін және 2010 жылғы Астана декларациясында көрсетілген ЕҚЫҰ кеңістігінде бірыңғай және бөлінбейтін қауіпсіздік қауымдастығын құру мақсатына жетуге дайындығын растады.
Отырыс барысында ТМД шеңберінде 2014 жылғы көп деңгейлі сімаралық консультациялар жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат беріліп, 2015 жылға осы тектес құжат бекітілді. Сімаралық консультациялар халықаралық ұйымдар шеңберінде әрекеттерді біркелкі үйлестіру және сыртқы саяси бастамаларды бірігіп ілгерілету мақсатында өткізіледі.
Сонымен бірге, отырыс барысында бірқатар құжаттардың жобалары мақұлданды, соның ішінде 2016-2020 жылдарға арналған сыртқы шекарадағы шекаралық қауіпсіздікті нығайту бойынша ынтымақтастық бағдарламасы, Төтенше жағдайларды алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт, ТМД мүше мемлекеттер территориясына кірген үшінші ел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларын бірыңғай есепке алу жүйесі туралы ақпараттық ықпалдасу регламенті және т. б.
«Біз ТМД дамуының елеулі әлеуетін атап өтеміз», - деді Е. Ыдырысов отырыс қорытындылары бойынша баспасөз-конференциясы барысында. «Қазақстанның ТМД-да төрағалығының бас басымдылығы сабақтастықты қамтамасыз ету болып табылады. Біз сауда-экономикалық, гуманитарлық және т. б. салаларда ынтымақтастықты арттыруда бірлесіп зор кіш-жігер саламыз».
Қазақстан сыртқы істер министрі айтып кеткендей, биылғы жыл ТМД елдері үшін маңызды жыл болмақ. Бұл, ең бастысы, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңісінің 70-жылдығымен байланысты. Е. Ыдырысовтың ақпараты бойынша, ТМД мемлекет басшылары Мәскеудегі мерекелік шараларға, атап айтқанда, ү. ж. 8 мамырдағы ТМД бейресми кездесуі мен ү. ж. 9 мамырдағы салтанатты парадқа қатысуды жоспарлауда.
ҚР СІМ басшысы, сонымен қатар, Қазақстанның ТМД-да төрағалығы шеңберінде ү. ж. 29 мамырда Бурабайда ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы, ал 2015 жылы қазанда Астанада ТМД мемлекет басшыларының кездесуі өтеді деп хабарлады. Соңғы аталған кездесудің барысында биыл 24 қазанда аталып кететін БҰҰ 70-жылдығына орай арнайы декларация қабылданатын болады.
Бішкекке сапары барысында Е. Ыдырысов, сонымен қатар, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен келіссөздер жүргізді. Тараптар Қырғызстан Президенті Алмасбек Атамбаевтың 2014 жылы 7 қарашада Астанаға мемлекеттік сапарының сәтті қорытындыларын атап өтіп, қазақстан-қырғызстан ынтымақтастығының негізгі тақырыбы екі ел басшыларының қол жеткізген келісімдерін орындау болып табылады деп мәлімдеді.
Президент А. Атамбаевтың мемлекеттік сапары және Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 4-отырысының қорытындылары бойынша бірқатар шешімдер, соның ішінде «Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы», «Еуразиялық интеграция жағдайында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы», «Энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы» шешімдер қабылданды деп естеріңізге салайық.
Бұл тұрғыда биыл Бішкекте өтетін Қазақстан-қырғызстандық үкіметаралық кеңесінің (ҮАК) кезекті 6-шы отырысының маңыздылығы атап өтілді.
Дүниежүзі экономиканың кері үрдістеріне қарамастан, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екі жақты сауда айналымы соңғы екі жыл бойы 1 млрд. АҚШ доллар көлемінен асқалы тұр.
Сұхбаттастар өңірдегі су-энергетикалық саласын талқылап, жағдайдың асқынып бара жатқанын атап өтті. Е. Ыдырысов бірлескен түбегейлі алдын алу шараларын қолдану қажеттілігінің уақыты жетті деп, соның ішінде Халықаралық Аралды құтқару қорының рөлі мен маңызын арттыру, Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылық комиссиясы және «Сырдария» мен «Амудария» бассейнді су шаруашылық бірлестіктері қызметтерінің құрылымын қайта қарау және өңірде икемді әрі ашық деректер алмасу жүйесін құру шараларын ерекше атап өтті. Осы орайда қазақстандық министр Орталық-Азиялық су инвестициялық қорын құру қажеттілігін атап өтіп, халықаралық құқық ережелеріне негізделіп, су қатынастарын реттейтін жаңа бес жақты келісімшарт жасап, қол қоюды ұсынды.
-
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
COVID-19: Қазақстанда эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
COVID-19: Вакцинациялауға қатысты өзекті сұрақтар мен оларға жауап -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас