- Басты
- Жаңалықтар
- Кандидат Т.Сыздықов Қостанайда «Большевичка» АҚ тігін фабрикасының ұжымымен кездесті
Кандидат Т.Сыздықов Қостанайда «Большевичка» АҚ тігін фабрикасының ұжымымен кездесті
Кездесу басында Тұрғын Ысқақұлы сайлауалды тұғырнамасының негізгі аспектілерін ұсынды.
Коммунистер үшін марксизм - қоршаған өмірдің өзгеруіне, қоғамдық дамудағы жаңа құбылыстар мен деректерді жинақтап, мәнін түсінумен байланысты ұдайы дамып келе жатқан жасампаз ғылым болып табылады.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизм мен Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының бағдарламалық ұстанымдарын және оның қызметін насихаттау қажет.
Бүгін мен қазіргі заманда адамгершілік құндылықтарын өзгертетін негізгі мәселелер туралы партияның атынан мәлімдеп отырмын.
Тек коммунистер ғана емес, басқа да ірі саясаткерлердің, экономистердің, ғалымдардың пайымдауынша, батыс қоғамы әділетсіз болып табылады. Коммунистік ойларды іске асыру адам мен табиғаттың үйлесуіне септігін тигізеді.
Бүгін батыстық тұрмыс салтының кемшіліктері мәдениет саласында анық байқалады.
Қазіргі заманғы батыс қоғамы капиталистік жолдың алысқа апармайтынын көрсетіп отыр.
Заманауи әлемдегі тойымсыз тұтынушылық дегеніміз не? Бұл қолдан жасалған жалған құбылыс. Ол «өмірдің мәні - жеке бастың қамы» деген теріс тәрбие береді.
Адамгершілік құндылықтар жүйесін өмірге деген қанағатсыз көзқарас алмастырды. Бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бірқатар күрделі мәселелер туындатуда.
Батыс мәдениеті бизнеске айналды. Оның құндылықтарының басты шарты сұраныс пен ұсыныс қарым-қатынасына ғана негізделеді.
Соңғы жылдары әлемді толқытқан саяси және экономикалық дағдарыстар жиілеп кетті. Экономика мен қаржы салаларын дендеген трансұлттық корпорациялардың үстемдігі қоғамның ыдырауына алып келді.
Батыс қоғамы сүйеніп келген орта тап бірте-бірте моральдік тұрғыда азып-тозған тоғышар тұтынушыға айналып барады.
Прогрессті регресс алмастырды. Адамзат осы күнге дейін жинақтап келген моральдік және мәдени құндылықтар көлеңкеге кетіп, бір мезеттік қажеттілікті қанағаттандыру басты мақсатқа айналды.
ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы А.Әлімбаев баяндағандай: «Кандидатымыздың сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тиісті ақпараттық қызмет атқаруда.
Штабымызда 5 сенімді тұлға бар. Олар үгіт-насихат материалдарын орналастырып, халықпен кездесулер ұйымдастырумен айналысады».
Сондай-ақ, үгіт-насихат жұмысында «Қазақстан Коммунисі» газеті, партия сайты, Интернет пен әлеуметтік желілер белсенді қолданылуда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады