• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Алматыда зиялылар қауымымен кездесті

ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Алматыда зиялылар қауымымен кездесті

3 Сәуір, 2015 17:46
Алматы қаласында ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері ғылыми және шығармашылық зиялылар қауымымен, патриоттық клуб және ардагерлер ұйымы өкілдерімен, қала кәсіпкерлерімен кездесіп, «Инновациялық технологиялар паркі» ЕЭА-ға барды6 деп хабарлады кандидат штабының баспасөз қызметі.

Алматылық зиялылар қауымы Қазақстанның тәуелсіздік жылдары  қол жеткізген жетістігін мақтан тұтады. Ғалымдар, жазушылар, әртістер мен суретшілер, режиссерлер Елбасының төрағалығымен біздің ел экономикалық жетістіктерге ғана жетіп қоймай, ең басты құндылықтар достық пен толеранттылық, бейбітшілік пен келісімді сақтап қалғандығын айтты.

«Барлық ғылым қауымдастығы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытын қолдайды», - деді Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Журинов.

Өз кезегінде Қазақ ұлттық  аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов соңғы 5 жыл ішінде Елбасы қолдауының арқасында отандық ғылым саласын қаржыландыру екі есеге артқанын айтты. Сондай-ақ, білім беру саласына бөлген мемлекеттің шығыны көтерілді. «Бұл саланың даму индексі бойынша Қазақстан әлемдік  көшбасшылардың қатарына енді», - деді Т.Есполов.

Кездесуде Қазақстан жазушылар одағының президенті Нұрлан Оразалин сөз сөйледі. Ол қазіргі кезеңді шығармашыл адамдардың алтын дәуірі деп есептейді. Себебі, олар салиқалы саясатты ұстанған жігерлі, қайсарлы көшбасшымен бірге қуатты елдің өсуі мен өркендеуіне өз өнері арқылы үлес қосу мүмкіндігіне ие.

Қазақстандық академик Сұлтан Сартаев кездесу барысында ел бойынша сапар кешкенде барлық жерде құрылыс крандарын көретінін айтты. Бұл, ғалымның пікірінше, Елбасы саясатының сындарлы саясатының қорытындысы, ол Қазақстанды өңірлік үздік елдердің қатарына қосты.

Атақты әртіс, әнші Әлібек Дінишев Нұрсұлтан Назарбаев  отандық мәдениет пен өнердің дамуына зор үлес қосқандығын атап өтті. Бұған дәлел  жаңа театрлардың ашылуы.

РҚШ мүшелері «Инновациялық технологиялар паркі» ЕЭА қызметкерлерімен кездесті. 2011 жылдан бастап аталмыш  арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының санын 150 инновациялық кәсіпорын толықтырды, олар 2 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Өндірістік өнімнің көлемі өткен жылы 10,5 млрд теңгені құраса, салық төлемі  - 2,4 млрд теңгеге жетті.

Жас новаторлар Елбасына ғалым-әзірлеушілерге өздерін шыңдауға мүмкіндік берген  инновациялық технологиялар паркінің құрылғандығы үшін  алғыс айтты.

Атап айтсақ, Елбасының тапсырмасымен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін басқарған   жас ғалым Дамир Шынабеков  Нұрсұлтан Назарбаев экономика болашағының іргетасын қалағандығын айтты. «Ақпараттық технологиялар паркі» жаңа заман ұрпағының ғылыми лабораториялар жүйесі, «Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» -  біздің Көшбасышының  үздік жобалары, олар біздің елімізді дамыған үздік инновациялық елдер қатарына қосады», - деді Дамир Шынабеков.

 Алматыға сапары барысында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері ардагерлер ұйымдарының және патриоттық клуб өкілдерімен, сондай-ақ қаланың бизнес-қауымдастығымен кездесті.  Олардың барлығы кезектен тыс Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдап дауыс бермек. Ұлт Көшбасшысына дауыс бере отырып, алматылықтар өсіп-өркендеу мен бейбітшілікке, келісімге дауыс береді.   

 

Барлық жаңалықтар