• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ҚР мен ҚХР сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті

Астанада ҚР мен ҚХР сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті

3 Сәуір, 2015 17:27
Астанада Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті.

Ведомство хабарлағандай, ҚР СІМ делегациясына Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов, ҚХР СІМ делегациясына Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин төрағалық етті.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларындағы стратегиялық әріптестік пен өзара түсіністіктің жоғары деңгейін атап өтті.

Сонымен қатар, консультациялар барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ БҰҰ, АӨСШК және ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

 

 

Барлық жаңалықтар