Көкшетауда «Мен түберкулезді тоқтата аламын!» акциясы өтті

8 Қазан, 2013 18:03
Кеше, 7 қазан Көкшетаудың «ASPAN» жанұялық-сауықтыру кешенінде «Мен түберкулезді тоқтата аламын!» акциясы болып өтті, деп Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Көкшетау қаласының «ASPAN» жанұялық-сауықтыру кешенінде «Мен түберкулезді тоқтата аламын!» акциясы болып өтті. Акция аясында концерттік бағдарлама, дәрігерлер мен медицина қызметтерін марапаттау рәсімі ұйымдастырылды», - деп хабарламада жазылған.

Айта кетейік, акция Халықаралық дәрігерлер күніне орайластырылып отыр. Дәстүрлі шара қазанның бірінші дүйсенбісі тойланады.

Шараны ұйымдастырушы «Үміт оты» Қоғамдық қоры болды. Түберкулезді төмендетуге арналған  шаралар қорытындысы бойынша  2012 жылдың көрсеткіші 2011 жылмен салыстырғанда  5,7 пайызға азайған.

 

 

Барлық жаңалықтар