- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Түркменстан машинақұрылысы саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Қазақстан мен Түркменстан машинақұрылысы саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
«KAZNEX INVEST» акционерлік қоғамы өкілдерінің хабарлауынша, магистральды тепловоздар құрастырушы «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының өкілдері Түркменстанның Темір жол көлігі министрлігінің қызметкерлерімен келіссөздер жүргізіп, тараптар локомотивтерді Түркменстан нарығына жеткізуді жалғастыратын болып келісті. Осы уақытта қазақстандық локомотивтердің бірі Түркменстанның темір жолдары арқылы жүргізіліп, сыналуда. Соңғы 5 жылдың өзінде зауыт 280 локомотив шығарып, оның 11-і Тәжікстан, Қырғызстан және Украина елдеріне экспортталған.
Сонымен қатар, Түркменстанның Ішкі істер министрлігі мен қорғаныс саласы үшін «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС-нің өнімдерінің таныстырылымы өтті. Келіссөздер барысында Түркмен тарапы ЕС145 маркілі 3 тікұшақ бар екендігін және оларға қызмет көрсету қажеттігін, Б1 және Б2 әуе техниктерін оқыту, ЕС145 тіұшағындағы арнайы құрылғыда жұмыс істеуге үйрету қажеттігін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет өкілдері сервистік қызмет көрсетіп, ЕС145 тікұшақтарын оқыту жөнінде келісіп, оған 1,5 миллион еуро жұмсалатын болды.
Естеріңізге сала кетейік, «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС-де сервис орталығы мен ұшқыштарды, механиктер мен техниктерді үйрететін академия орналасқан.
«Ақтөбе релсьбалка зауыты» ЖШС-нің өкілдері Түркменстанның Темір жол, Құрылыс және архитектура министрлігінің өкілдерімен жүздесті. Түркменстанның Темір жол министрлігінің өкілдерімен мемлекеттік тендерге қатысу жөнінде келісім жасалды. Қазақстан тарапын тендерді ұтып алған жағдайда осы елдің ұзындығы 36 километр болатын темір жол құрылысына қажетті рельстерді жеткізіп береді. Сондай-ақ осы келіссөздер қорытындысы бойынша түркменстандық құрылыс компаниясымен ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, түркмен тарапы 450 миллион теңгеге 5 мың тонна темір жол құрылысына қажетті материал сатып алады.
Ұзындығы 564 километр болатын «Ашхабад-Түркменбашы» жоғарыжылдамдықты автомагистралі құрылысының басталуына байланысты «СП «Лудэ-Каз» асфальтбетон өндіруші зауыты Түркменстанның Автомобиль көлігі министрлігі мен «Туркменавтоеллары». Мемлекеттік концерніне өз өнімдерінің таныстырылымын жасады.
Түркмен тарапы қазақстандық өнімге ерекше қызығушылық танытты. «СП «Лудэ-Каз» ЖШС бүгінгі таңда өзінің өнімдерін Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне экспорттауда.
«Досфарм» ЖШС-ның өкілдері де Түркменстанның Денсаулық сақтау министрлігімен осы елге жеткізілетін препараттардың көлемін ұлғайту мен тіркеу жөнінде келіссөздер жүргізді. «Досфарм» ЖШС 18 түрлі препараттар шығарып, өзінің өнімдерін Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан соның ішінде 8 препаратты Түркменстанға экспорттайды.
Делегация құрамында Қазақстанның даму банкінің өкілі болды. Ол кездесу барысында түркмен тарапына қазақстандық тауарды сатып алу үшін тиімді қаржыландыру құралдары туралы айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл экспорттаушыларды қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 35 миллиард теңге бөлінетін болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды