Маңғыстау облысында 424 отбасы жаңа пәтердің кілттеріне ие болды (Фото)

4 Сәуір, 2015 14:28
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі» арқылы «Қолжетімді тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтау қаласы 32 «А» шағын ауданында құрылған 400 пәтерлік 8 үй пайдалануға берілді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

«Өткен жылы Маңғыстау облысында 587 мың шаршы метр үй табысталды. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 492 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды. Биылдың өзінде «жас отбасыларға» арналған 60 пәтерлік 2 үй, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі» арқылы барлық санаттағы адамдар үшін 32 «А» шағын ауданнан 120 пәтерлік 1 үй, «Аққу» шағын ауданынан 2-ші кезеңінде барлығы 747 пәтерді тапсыру, және жергілікті атқарушы орган кезегіндегілер үшін 120 пәтерлік 3 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Одан бөлек мемлекеттік бағдарлама аясында «Аққу» шағын ауданының 3 кезеңінде тұрғын үй құрылыстарын салу және 34 шағын ауданнан 60 пәтерлік 6 үйдің құрылыс жұмыстарын бастау да жоспарланып отыр. Біз барлық маңғыстаулықтарды қол жетімді және сапалы тұрғын үйлермен барынша қамтамасыз етуіміз керек», - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Дәл осы күні Қарақия ауданы Мұнайшы ауылында да 24 отбасыға жаңа пәтердің кілттері табысталды. Төрт қабатты көп пәтерлі үй «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі» арқылы бағдарлама қатысушыларына арналған 120 және 670 пәтерлік екі үйдің құрылыстарын аяқтау жоспарланып отыр. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы, аймақтар мен ірі агломерацияларды дамытуға мүмкіндік берген, өңірлердің 2020 жылға дейін дамуы кешенді Бағдарламасының бөлігі болды.

2014 жылы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында кезектегілерге арналған жалдамалы үйдің құрылысына 500 млн. теңге, жас отбасыларға арнап 200 млн. теңге, несиелі үйге 4290 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылысқа 2786,1 млн. теңге бөлінді.

Кезектегілерге арналған тұрғын үй аясында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласындағы 48 пәтерлі тұрғын үйдің, Бейнеу ауданы Бейнеу селосындағы алты 4 пәтерлі тұрғын үйдің, Маңғыстау ауданы Шетпе селосындағы бес 4 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетің мәлемдемесіне сәйкес, 2015 жылдың ақпанындағы қорытынды бойынша Маңғыстау облысы жаңа үйлерді беру көлемінен – 75,9 мың шаршы метр, өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда 40,6 мың, Қазақстандағы облыстар арасынан үздік атанды.

Ақпан айында Маңғыстау облысы жаңа үйлерді енгізу бойынша Қазақстандағы облыстар арасынан, астаналардың көрсеткіштерінен кейінгі 1-ші орынға ие болды. 75,9 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Негізінен тұрғын үй ғимараттарының басым бөлігін жеке меншік үйлердің құрылыстары құрайды. 422 жеке меншік үйлердің кілттері табысталды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар