ҚР Президенті Ақтөбе өңірінің кәсіпкерлерімен кездесті

3 Сәуір, 2015 14:49
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласына жұмыс сапары барысында «CityShoppingCenter» сауда кешенін аралады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев сауда кешенінің жаңа ғимаратымен танысып, өңір кәсіпкерлерімен әңгімелесті.

Әңгімелесу барысында Елбасы шағын және орта бизнесті дамыту елдің экономикалық жақсы жағдайының негізі болып саналатынын айтты, қатысушыларға белгілеген жоспарларынынң  жүзеге асуын  тіледі.

Сауда кешенінің алаңы 7 мың шаршы метрді құрады, оның құрамына 100 орындық зал мен 200 орындық мейрамхана кіреді. 

Барлық жаңалықтар