- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев «Ақтөбе-орталық» ЖШС-ның көлік-логистика орталығында болды
Нұрсұлтан Назарбаев «Ақтөбе-орталық» ЖШС-ның көлік-логистика орталығында болды
Мұнда Мемлекет басшысына орталықтың жұмысы таныстырылды және онда сақталатын өнім түрлері көрсетілді.
Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп кешені мен бизнестің өзге де салалары өкілдерімен әңгімелесіп, облыстың орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.
«Мемлекет тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан нарықтық экономикалы ел болғандықтан, біз отандық өнімдердің жартысын бизнес өндіргенін басты мақсат етіп отырмыз. Бұл үшін қажетті барлық жағдай жасалған. Несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидияланады, «Бизнестің жол картасы-2020» арнаулы бағдарламасы жұмыс істейді, негізсіз тексерулер тоқтатылды. Кәсіпорындарды тіркеу үдерісі жеңілдетілді. Мемлекет енді сіздердің тараптарыңыздан өнім көлемін ұлғайтуды, жұмыс орындарын ашуды, салық төлемдерін, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнім жасауды және жаңа технологияларға инвестиция салуды күтеді», – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Мемлекет басшысы кездесуге қатысушыларға табыс және бақ-береке тіледі.
Орталықтың қуаты 17 мыңнан астам паллеторынға лайықталған. Оның аумағы – 4.7 га, қоймаларының алаңы – 12 400 шаршы метр.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды -
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды