- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО мен Литваның тауар айналымы 6,8 млн долларды құрады
ШҚО мен Литваның тауар айналымы 6,8 млн долларды құрады
Екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 1,1 млрд. АҚШ долларын құраса, сәйкесінше ШҚО мен Литва Республикасы арасында 6,8 млн. АҚШ долларының алыс-берісі жасалып, оның көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға артқан. Соңғы жылдары ШҚО - Литва арасында металлургия мен ауыл шаруашылығы салаларындағы байланыс дамып келеді. Д.Ахметов ендігі кезекте өзге бағыттарға да мән беретін кез жеткендігін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасын әртараптандыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Яғни, елде шикізаттық тәуелділіктен арылуға айрықша көңіл бөлінуде. Ауыл шаруашылығы, туризм салаларында да ШҚО әлеуеті зор. Мәселен, өңірде сүт өндірісін, қой өсіру ісін дамыту көздеп отырмыз. Осы жағынан Литвадан үйренеріміз көп. Сондай-ақ, біз балық шаруашылығы саласында тәжірибе алмасуға дайынбыз», – деді облыс әкімі.
Өз кезегінде Витаутас Наудужас ШҚО әр салада байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
«Расымен де, ШҚО – еліңіздегі көшбасшы өңірлердің бірі. Мұнда күн батареяларының пластиналары шығарылады екен. Соңғы жылдары Еуропада электр энергиясын үнемдеу күн тәртібіндегі мәселелердің біріне айналғанын ескерсек, аймақтарыңызбен осы салада байланыс орнатуға айрықша мүдделіміз. Есесіне, сіздермен лазерлік технологияларды қолданудағы тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз, – деген В. Наудужас екі ел арасындағы транзиттік-көліктік ынтымақтастықты дамыту – өзара қарым-қатынастың маңызды тармағы екенін, бұл тұрғыдан ШҚО екі мемлекетпен шектесетіні ұтымды болып тұрғанын жасырмады. – Бүгінде екі ел арасында 3 теміржол бағыты жұмыс істеп тұр. Енді осы және өзге бағыттармен жүзеге асатын алыс-берістің көлемін арттыруға күш салу керек», – деді В. Наудужас.
Аймақ басшысы Д.Ахметов елшінің айтқанын қолдап, ШҚО-на литвалық ғылыми қызметкерлер мен кәсіпкерлерді шақыру ойын білдірді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады