- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Ақтөбе рельсті арқалық зауытының жұмысымен танысты
Елбасы Ақтөбе рельсті арқалық зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті зауыттың жұмысымен танысты, сондай-ақ еңбек ұжымы мүшелерімен әңгімелесті.
Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының даму қарқыны жалпы еліміздің жүйелі аяқ алысына сай екенін атап өтті.
«Өңірдің дамуына соңғы жылдары 500 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды, 500 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріліп, бес мектеп, 2 балабақша салынды. Сәбилердің 90 пайызының балабақшаларға баруы өте маңызды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жолдар, әуежайлар салынатын болады. Бүкіл қазақстандықтар жұмыспен қамтылады,» – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Орталық Азиядағы ірі әрі бірегей кәсіпорын облыс экономикасын нығайтуға зор үлес қосатынын айтты.
«Зауыт индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының озық жобаларының бірі саналады. Ол «Сименс» компаниясының заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Құрылыс кезінде 1000 адам жұмыс істеді, енді 760 адам жұмысқа орналасады. Әр адамға шаққандағы өнімділік 80 мың долларды құрайды. Бұл – біздің еліміз үшін жоғары өнімділік. Мұндай кәсіпорын Қазақстанда бұрын болмаған, оның шығаратын өнімі де жаңа. Бұрын біз рельсті сырттан сатып алатынбыз, енді ішкі нарықтың сұранысын өтеп қана қоймай, экспортқа да шығара аламыз. Сонымен қатар, мұнда құрылысқа қажетті нәрселердің бәрі өндірілетін болады», – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт құрылысына атсалысқан барлық мамандарға алғыс айтып, жұмыстың тезірек басталуын және бұдан әрі де табысты болуын тіледі.
Зауыт аумағында 3 негізгі және 17 қосалқы цех орналасқан. Кәсіпорын жылына 200 мың тонна көлемінде теміржол рельстерін, 230 мың тонна басқа да сұрыптық өнімдер (швеллер, арқалықтар, қырлы бұрыш темірлер, арнаулы профильдер) шығарады деп жоспарлануда.
Зауытты іске қосу арқылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның рельсті өнімдерге деген сұранысын қамтамасыз ету, сондай-ақ таяу және алыс шетелдерге экспорттау көзделген.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі