- Басты
- Жаңалықтар
- Арал колледждерінде жаңа мамандықтар бойынша кадрлар дайындалады (Фото)
Арал колледждерінде жаңа мамандықтар бойынша кадрлар дайындалады (Фото)
«Аралтұз» АҚ бүгінде 800-ге жуық жұмысшысы бар. Жұмыс ауқымының артуына және жаңа технологияны өндіріске енгізуге байланысты мұнда мамандар тапшылығы сезілуде. Жергілікті кадрларды осы салаға бейімдеу мақсатында аудандық колледжермен келісім жасалды. Меморандумға Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров және Арал көпсалалы колледжінің директоры Ерлан Әлиев, Арал индустриалды-техникалық колледжінің директорының міндетін атқарушы Нұралы Әбішов қол қойды.
Осы келісім аясында «Электр станциялары мен желілерінің түрлері бойынша электр жабдықтары», «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету», «электронды есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру», «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Токарлық іс және металл өңдеу», «Дәнекерлеу ісі», «Өнеркәсіп машиналары және жабдықтарын пайдалану» мамандықтары бойынша кадрлар дайындалатын болады.
«Кәсіптік білім беру мәселесін басты назарда ұстап отырмыз. Өзімізге қажетті мамандарды осылайша алдын-ала зерттеп, оны дайындап отыруымыз керек. Технология қарыштап дамып жатыр. Оның тілін меңгеруде өзгелерден қалыс қалмауымыз қажет. «Аралтұз» АҚ өнім көлемін алдағы жылдары еселеп артпақ. Сондықтан бұл саланың мамандарын көптеп дайындау құптарлық іс, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары