- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да құны 2 миллиард теңге тұратын ет өңдейтін кешен іске қосылды
БҚО-да құны 2 миллиард теңге тұратын ет өңдейтін кешен іске қосылды
Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, осылайша елімізде алғаш рет шикізатты өңдеу мен өнімнің сапасы жөнінен халықаралық талаптарға сай келетін, күш-қуаты осыншалықты зор құрылғы іске қосылды. Жалпы алғанда, жобаның құны 2 миллиард 800 миллион теңгені құрады, оның 1,6 миллиард теңгесі құрылғыны сатып алуға жұмсалды. Қаржыландыру «ҚазАгроФинанс» акционерлік қоғамы арқылы жүргізілді.
Хабарламада бұзау етін оны союдан бастап, орауға дейінгі аралықты қамтитын үдерістердің барлығын орындай алатын кешеннің іске қосылғандығы айтылған. Зауыт жылына 5 мың тоннаға дейін ет өңдей алады. Кешен жұмысына 120 адам тартылған, ал ол өзінің толық қуатына кіріскенде мұнда 285 адам жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда аталмыш кешенде өндірілетін өнімнің 70 пайыз дайын өнімі экспортқа жіберіледі деп жсопарлануда.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді