• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ресей Федерациясының тарихи актілер мұрағаты Ақмола облысының мұрағатына Абылай ханның өмірі жайлы құжатты тапсырды

Ресей Федерациясының тарихи актілер мұрағаты Ақмола облысының мұрағатына Абылай ханның өмірі жайлы құжатты тапсырды

8 Қазан, 2013 17:18
Бүгін РФ тарихи актілер мұрағаты Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатына Абылай ханның өмірі жайлы құжатты тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Абылай ханның 300 жылдығына арналған мерекелік шарада ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры Ләззат Ақтаева аталмыш құжатты табыстады.

РФ тарихи актілер мұрағатынан құнды құжаттың көшірмесі алынды. Құжаттың ішінде Абылай Сұлтанның қалмақтарға жорығы жайлы құпия кеңесші Татищевтің хабарламасы, Абылай Сұлтан мен Әбілмәмбеттен тұтқынға түскен орыстарды қайтару туралы өтініштері, Абылай Сұлтан мен қырғыз-қайсақтардың сібір шекарасына жорық жасауға деген ниеттері жайлы мәліметтер бар.

Координациялық жұмыспен қамтылу және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Алмас Сейітқазиновтың айтуынша, аталмыш құжаттар Ақмола облыстық тарихи мәліметтердің толығуында жоғары маңызға ие.

Айта кету керек, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Орталық мемлекеттік мұрағат қызметкерлері мемлекет қайраткерлеріне қатысты құжаттарға қол жеткізу мақсатында алыс-жақын шетелдердің мұрағаттарын аралады. 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар