• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақбас тұқымды мүйізді ірі қараның саны екі есеге артты – Мамытбеков (ФОТО)

Ақбас тұқымды мүйізді ірі қараның саны екі есеге артты – Мамытбеков (ФОТО)

3 Сәуір, 2015 11:17
Ақбас тұқымды мүйізді ірі қараның саны екі есеге дейін артты, деді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков қазақтың ақбас тұқымына арналған республикалық палатаның жиында.

«Ақбас тұқымының жылдан жылға өсіп келе жатқандығы байқалады. Егер заңнамаға өзгеріс енгізерден бұрын олардың саны 130 мың болса,  бүгінгі таңда олар 217 мыңға жетті. Өсім қысқа мерзім ішінде 50 пайызға дейін артып отыр»,-деді А.Мамытбеков.

Министр сонымен қатар, 2012 жылы ҚР заңнамасына өзгерістер енгізілгендігін, содан соң өзін-өзі реттеу жүйесінің іске қосылғандығын айтты. «Асылтұқымды дамыту ісінде мемлекеттік реттеу тоқтатылды»,-деді А.Мамытбеков.

Ақпараттық-талдау жүйесінің мәліметтерінше, 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап, қазақтың ақбас тұқымын өсірумен республикада 7 мың 200-ден астам шаруашылық айналысуда және онда 217 мың 930 бас МІҚ бар. Бұл елдегі мүйізді ірі қараның 61,4 пайызы.

Жалпы алғанда, ақбас тұқымына арналған республикалық палатаның жалпы жиынында қазақтаң ақбас тұқымын жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының асылтұқымды ғылыми сүймелдеу жөніндегі сарапшыларының жұмыстарының нәтижелері жария етілді.     

Камила Амирова

Фото Азамат Алиев

Барлық жаңалықтар