- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Ақмола облысының Ақкөл ауданында 4 индустриалды жоба жүзеге асырылды
ИИДМБ: Ақмола облысының Ақкөл ауданында 4 индустриалды жоба жүзеге асырылды
Орталықтың хабарлауынша, Индустрияландыру картасының бесжылдығының аясында Ақкөл ауданынан құны 8 миллиард 55 миллион теңге болатын 5 жоба қосылып, олардың 4 жобасы жүзеге асырылып, оның аясында 185 жаңа жұмыс орны ашылды.
Сондай-ақ ауданда жылына 90 миллион жұмыртқа шығара алатын «Үшбұлақ-2005» ЖШС құс фабрикасы іске қосылды. «Eco Product» ЖШС жылу кешені де Индустрияландыру картасына енгізілген. Бұл кешен жылына 2 мың 200 тонна қияр мен қызанақ өндіреді.
Биылғы жылдың екі айында «Қомпания Казлес» ЖШС жаңа технологияларды қолдану арқылы 26 миллион теңге болатын 341 текше метр ағаш өнімдерін өндірген. Аталмыш кәсіпорын жылына 5 мың текше метр ағаштан жасалған бұйымдар дайындамақшы.
Сонымен қатар, хабарламада «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында Ақкөл қаласының Мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өтіп, бағдарламаның 9 қатысушысы шағын несиелер алатындығы айтылған.
Денсаулық сақтау саласы бойынша, Минское ауылында медициналық нысан салу жоспарлануда және Малый барап ауылындағы медициналық тірекке күрделі жөндеу жүргізіледі.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері