• Басты
  • Жаңалықтар
  • Талдықорғанда «Қазақстан халқы Ассамблеясы: 20 жыл бейбітшілік пен жасампаздықта» атты конференция өтуде

Талдықорғанда «Қазақстан халқы Ассамблеясы: 20 жыл бейбітшілік пен жасампаздықта» атты конференция өтуде

3 Сәуір, 2015 19:34
Талдықорғанда Жетісу Мемлекеттік Университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының базасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.

Шараның мақсаты – Ассамблеяның қалыптасуы мен дамуының негіздерін зерттеп, жас ғалымдардың Ассамблеяның тарихын зерттеуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Конференцияның бағдарламасында 4 түрлі секциядан тұратын мәжілістер бар. Олар: «Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы», «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы», «Қоғамдық келісім- «Мәңгілік елдің» негізі» және «Қоғамды біріктірудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» атты тақырыптардан тұрады.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауларынша, басқосу барысында этномәдени бірлестік өкілдері мен ғылым қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер Жетісудағы этномәдени бірлестіктердің қалыптасуы, облыстық Достық үйінің қалыптасу тарихы мен өзге де өзекті мәселелерді талқыға салады.

Конференция аясында сонымен қатар, көрме ұйымдастырылып, ғылыми басқосудың қорытындысы бойынша, арнайы жинақ шығарылады.    

  

 

Барлық жаңалықтар