ОҚО-ның кәсіпкерлері Италияда өтетін EXPO - 2015 көрмесіне қатысады

3 Сәуір, 2015 19:18
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі С.Раваньянмен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

С.Раваньян екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 1992 жылдан басталғандығын, ал, Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстардың жылдан жылға нығайып келе жатқандығыны атап өтті. Осындай жағдайда жасалған келісімдердің арқасында екі мемлекет арасында тауар айналымы 16 миллиард доллардан асып, жығылды. Тауарлардың арасында, мұнай өнімдері, пайдалы қазбалар, халық тұтынатын тауарлар, астық, машиналар мен өнеркәсіп саласына қажетті құрылғылар бар.

Оңтүстік Қазақстан облысының бүгінгі мықты әлеуетіне тоқталған елші, екіжақты тиімді жаңа жобалардың бар екендігін жеткізді. Бұл жобаларды жүзеге асыруға нақты мүмкіндіктер бар, сол себепті елші, оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерді биылғы жылдың мамыр айында Италияның Милан қаласында өтетін  EXPO – 2015 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.

А.Мырхаметов мәртебелі мейманға оңтүстік өңірдің экономикалық мүмкіндіктеріне берген бағасы үшін алғысын білдіріп, еліміздің инвестициялық климатының шетелдік инвесторлар үшін тартымды бола түскендігін атап өтті.  Мысалы қазірдің өзінде осы өңірде Италияның «ItalcementiGroup» компаниясы цемент өндірумен айналысуда.  

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, цемент өндірісіне нано және биотехнологияларды енгізу мәселесі бойынша тиісті шаралар қарастырылуда. Сонымен қатар, облыс басшысы еліміздің оңтүстік өңірінің инвестиция тартуға ыңғайлылығын айта келе, италияндық кәсіпкерлерді бірлесіп қызмет етуге шақырды және өзінің екіжақты тиімді кез-келген жобаға қолғабыс етуге, сондай-ақ оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің Милан көрмесіне қатысуы үшін барлық шараларды қарастыратындығын жеткізді.   

   

 

Барлық жаңалықтар