• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ІІМ вице-министрі В.Божко Степногорск қаласының су тасқыны болу мүмкіндігін бағалады (Фото)

ҚР ІІМ вице-министрі В.Божко Степногорск қаласының су тасқыны болу мүмкіндігін бағалады (Фото)

3 Сәуір, 2015 19:04
Су тасқыны жағдайын бақылау аясында Ақмола облысы аудандарын аралау барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В.Божко мен Ақмола облысының әкімі С.Кулагин төрағалық еткен жұмыс тобы Селеті су қоймасына барды, ол степногорлық аймақты сумен қамтып отыр, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».

Селеті су қоймасының су тасқыны жағдайын тыңғылықты қараған соң, Сергей Кулагин жақын маңдағы ауылдарды су баспау үшін суды ағызуды есептеу керектігін айтты.

Владимир Божко өз кезегінде су тасқыны жағдайын болдырмау қажеттігін айтты, сондай-ақ, степногорлық аймақты сумен қамтуды тоқтатпау керектігін айтты.

Айта кетерлігі, Есіл, Селеты және Шағалалы өзен бассейндерінің қар қоры қажеттегі жағдайдан 30-40 пайызға көп. Осыған байланысты судың бөінуі осы тоқсанда жоғары болмақ. Сол үшін ірі су қоймалары оның ішінде Селеті су қоймасына ерекше мән берілуде.

Хабарламада белгіленгендей, степногор аймағында төтенше жағдайды жою  шаралары үшін 1 млн 250 мың теңге қарастырылған. ЖЖЗ қоры 45,5 тоннаны құрайды, интерндік материалдар – 160 тоннаға тең. Жалпы, Ақмола облысында су тасқынын болдырмау мақсатныда қала мен аудандарда 653 мың текшге метр қар шығарылды, оған 258 бірлік техника жұмылдырылды. 

Барлық жаңалықтар