- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысының Жарқайың ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды
Ақмола облысының Жарқайың ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды
Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары кәсіпкерлерге «жалғыз терезе» қағидаты негізінде қызмет көрсететін болады. Нақтырақ айтқанда, онда кәсіпкерлерге маркетинг, заңнамалар мен кедендік рәсімдеу шаралары, есепшілік қызмет сияқты салалар бойынша білікті консультациялық көмектер беріледі. Бұған қоса, кәсіпкерлер мұнда мемлекеттік қолдаудың барлық құралдары жөнінде ақпараттандырылып, біліктіліктерін арттырады.
«Жалғыз терезе» қағидатының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлерге қызметті «ҚазАгроМаркетинг» акционерлік қоғамының аймақтық палатасының, Тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарының, жер қатынастары, архитектура және қала құрылысы бөлімдерінің өкілдері көрсетеді. Ал, тұрғындарды кәсіпкерлік қызметті меңгеруге үйрету үшін әрбір орталықтың жанынан «Кәсіпкерлік мектептері» ашылады»,-деді Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының Жарқайың аудандық филиалының директоры А.Сұрағанов.
«Бизнестің тірегі болып табылатын мұндай орталықтарды үлкен жетістік деуге болады. Бүгінгі біз қатарынан бірнеше жағымды жаңалықты естідік. Біріншіден, орталықтың ашылуының өзі жақсы жаңалық, өйткені әкімшілік кедергілер азаяды. Екіншіден, біз мемлекеттік қолдаудың көптеген құралдары туралы естіп-біліп жатырмыз», - дейді бүгінгі шараға қатасты өзінің ойымен бөліскен жарқайыңдық кәсіпкер Л.Витковская.
Ақмола облысында бүгінгі таңда 11 кәсіпкерлікті қолдау орталығы бар. Орталықтарға 2-30 наурыз аралығында 250-ден астам кәсіпкер қайырылған. Олардың басым көпшілігінің көтеретін мәселелері жер қатынастары мен әкімшілік кедергілерге, «Бизнес-Кеңесші» және өзге де жобалар бойынша оқытатын бағдарламаларға қатысты болды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары