• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық Банк «Бокстан Әлем чемпионаты. Алматы 2013» ойынына қолдау ретінде күміс монета шығарды

Ұлттық Банк «Бокстан Әлем чемпионаты. Алматы 2013» ойынына қолдау ретінде күміс монета шығарды

8 Қазан, 2013 17:22
ҚР Ұлттық Банкі «Бокстан Әлем чемпионаты. Алматы 2013» арнап «proof» сапасындағы 100 теңге номиналымен күміс монета шығарды, деп банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР Ұлттық Банкі «Бокстан Әлем чемпионаты. Алматы 2013» арнап   «proof» сапасындағы 100 теңге номиналымен күміс монета шығарды. Монетаның артқы жағында боксшылардың күрес кезі бейнеленген. Сол жағына қарай Халықаралық бокс қауымдастығының логотипі мен «ALMATY 2013» деген жазу жазылған», - деп Ұлттық банк хабарлайды.

Күміс естелік монетасы елде тұңғыш  өткелі отырған бокс сайысына арналып отыр.

Сонымен қатар, 925 күміс нұсқасынан диаметрі 31,1 мм, салмағы 31,1 г  құрайтын тағы «proof» сапасымен 3 мың тираж монета дайындалды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар