• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Қытайдың велоспорт федерациялары ынтымақтастық туралы келісімге келді

Қазақстан мен Қытайдың велоспорт федерациялары ынтымақтастық туралы келісімге келді

3 Сәуір, 2015 20:43
Қазақстан және Қытай велоспорт федерациялары өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

Пекинде Қазақстан велоспорт федерациясы төрағасының бірінші вице-президенті Райымбек Баталов Қытай велоспорт федерациясының Бас хатшысы Хан Джилинг ханыммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Азия континентінде велоспорттың даму мәселелеріне тоқталып, кәсіби спорттық кадрлерді даярлау саласындағы тығыз байланыс, ортақ турнирлерді өткізу мен бұқаралық велоспортты дамыту берлесе дамытуға келісті.

 

Барлық жаңалықтар