• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет және спорт министрлігінде тілдерді дамыту мен қолдану мәселелері талқыланды

Мәдениет және спорт министрлігінде тілдерді дамыту мен қолдану мәселелері талқыланды

3 Сәуір, 2015 10:49
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2015 жылдың 31 наурыз күні Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардағы 2014 жылғы орындалу барысы туралы жиналыс болып өтті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары С.Сәлемов Бағдарламаның 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2014 жылы  мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардағы жалпы жүзеге асырылу деңгейі, оқыту курстарын ұйымдастыру, ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы тест тапсыруды жүзеге асыру тетіктері туралы баяндама жасады. 

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаның меморгандарда қалай жүзеге асуы талқыланды.

Ұлттық компаниялардың өкілдерінен «ҚазТрансойл» акционерлік қоғамы  Қазақ тілін дамыту жөніндегі бас менеджері А.Ысымұлы қазақ тілінің болашағын насихаттауды тек жұмыс орнында ғана емес, отбасы қүндылығы ретінде қоғам қызметкерлерінің  балаларының арасында тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан шарасымен бөлісті. 

Барлық жаңалықтар