- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Павлодар облысында 2015 жылы агрохимиялық өнім өндіру саласында 2 жоба іске қосылады
ИИДМБ: Павлодар облысында 2015 жылы агрохимиялық өнім өндіру саласында 2 жоба іске қосылады
Павлодар облысында «Павлодар» арнайы экономикалық аумағы аясында 6 жоба қарқынды жүзеге асырылуда.
«Инвестициялар көлемі 3 276 млн. теңгені құрап отыр. Жобалық қуаттылығы – жылына 11 мың тонна, оның ішінде: эфир 95%-дан кем емес – жылына 1 мың тонна, обыр шегіртке мен зиянкестерге қарсы биопрепараттар – жылына 1 мың тонна; глифосат қышқылы 95%-дан кем емес – жылына 5 мың тонна; гербицидтер, фунгицидтер, инсектицидтер (өсімдіктерді қорғауға арналған құралдар) - жылына 4 мың тонна. Іске қосылу кезеңіндегі жұмыс орындар саны – 118 адам», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда №1, №2 цехтерде құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталып, қосу-реттеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ мемлекеттік қабылдау комиссиясының жобаны пайдалануға беру жөніндегі актіне қол қою жұмыстары жүруде.
«Kazakhstan Chemical Company» ЖШС жобасын іске қосу осы жылдың 4-тоқсанына жоспарланып отыр.
Инвестициялар көлемі – 2 100 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы – жылына 30 000 тонна ПВХ бұйымдары; полипропилен тұрбалар мен фитингілер – жылына 5 000 тонна; антифриз – жылына 1 100 000 тонна, ИОМС – жылына 300 тонна. Іске қосылу кезеңіндегі жұмыс орындар саны – 150 адам.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қабылдау комиссиясының жобаны пайдалануға беру жөніндегі актіне қол қою жұмыстары жүруде.
Сондай-ақ АЭА аумағында келесі жобалар іске асырылуда: каустикалық сода, хлор, натрий гипохлоритін және тұз қышқылын өндіру жағынан негізгі кәсіпорын «Каустик» АҚ. Инвестиялар көлемі – 16 200 млн. теңге. Іске қосылу кезеңіндегі жұмыс орындар саны – 540 адам; «Белизна» ЖШС – тұрмыстық химия өнімдерін өндіру жөніндегі жоба. Инвестициялар көлемі – 276 млн. теңге. Іске қосылу кезеңіндегі жұмыс орындар саны – 10 адам; «БО-НА» ЖШС – залалсыздандыру құралдарын өндіру жөніндегі жоба. Инвестиция көлемі – 120 млн. теңге. Іске қосылу кезеңіндегі жұмыс орындар саны – 15 адам; «УПНК-ПВ» ЖШС – қыздырылған мұнай таскөмірі өндірісі. Инвестиция көлемі – 16 800 млн. теңге. Жобалық қуаты – жылына 205 мың тонна қыздырылған мұнай таскөмірі. Іске қосылу кезеңіндегі жұмыс орындар саны – 365 адам.
2014 жылғы 15 желтоқсанда «УПНК-ПВ» ЖШС-ның «салқын іске қосу» жобасының іске асырылған бірінші кезеңі іске қосылды. Жобаның екінші кезеңін іске қосу 2015 жылдың 3-тоқсанына жоспарланып отыр. Кәсіпорын толық қуатқа 2015 жылдың 4-тоқсанында шығады деп күтілуде.
Жоғарыда атап өтілген 6 жоба бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 39,9 млрд. теңгені құрайды, ал құрылған жұмыс орындарының саны 1 000-нан аспақ.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар