- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының қызметімен танысты
Мемлекет басшысы Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының қызметімен танысты
Нысанда Елбасыға өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуы туралы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ аурухананың жұмысымен танысып, ұжым мүшелерімен және облыстың медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.
Қазақстан Президенті бұл аурухана жаңа ғимаратта орналасқанын, заманауи құралдармен жабдықталғанын атап өтті.
– Көп нәрсе енді сіздерге байланысты. Егер өз жұмыстарыңызды сапалы атқарып, қолда бар жабдықтардың мүмкіндігін толық пайдаланатын болсаңыздар, халық денсаулығын жақсартуға зор үлес қосасыздар. Біздің елімізде денсаулық сақтау саласына зор көңіл бөлініп отыр, Қазақстан жан басына шаққанда бұл салаға бөлінетін қаражат көлемі жөнінен дамыған елдер деңгейіне таяп келеді. Республикада соңғы 20 жылда мыңға жуық денсаулық сақтау нысаны салынды. Халық отандық медицинаға сенім арта бастады, ал көрші елдердің азаматтары емделу үшін бізге келетін болды, – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев медицина қызметкерлеріне табыс және бақ-береке тіледі.
Аурухана қызметкерлері Қазақстан Президентіне республикада денсаулық сақтау саласын дамытуға, біліктілікті арттыруға және тәжірибе алмасуға қажетті жағдай жасалғаны үшін алғыс айтты.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 320 төсектік аурухана «100 мектеп және 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Мекеме халықаралық стандартқа сай бой көтеріп, заманауи диагностика және емдеу құралдарымен жабдықталған.
Аурухана құрылымындағы 29 бөлімшенің 5-еуі (эндокринология, отоларингология, урология, қан тамырлары хирургиясы, гипербориялық оксигенация) облыстағы бірден-бір бөлімше болып саналады. Бүгінде мұнда 104 дәрігер (соның 55-і біліктілік санаттарына ие), 283 орта медициналық білімі бар мамандар жұмыс істейді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді