- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ОСК-ның мүшесі Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Корольдігінің Қазақстандағы елшісінің орынбасары Сара Пиккерингпен кездесті.
ҚР ОСК-ның мүшесі Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Корольдігінің Қазақстандағы елшісінің орынбасары Сара Пиккерингпен кездесті.
Ортсайлауком мүшесі Пиккеринг ханымды Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық жөніндегі қызметі, сондай-ақ ел өңірлеріндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы ақпараттандырды.
«Қазақстан ОСК сайлау процесіне қатысты халықаралық форумдардың жұмысына, халықаралық ұйымдардың қызметіне белсенді қатыса отырып, шет мемлекеттердің халықаралық ұйымдарымен және сайлау органдарымен ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда. Сайлауды байқау жөніндегі түрлі ұйымдармен және бірлестіктермен ынтымақтастық – ҚР ОСК-ның тұрақты тәжірибесі»,-деді М.Сәрсембаев.
Халықаралық байқау институтына қатысты айтатын болсақ, ол Қазақстан Республикасында 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. Байқау институты ағымдағы сайлау науқаны шеңберінде де ашылды. Осы сәтке Орталық сайлау комиссиясы тіркеген үш халықаралық ұйымның миссиялары (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД және ШЫҰ) және 19 шет мемлекеттің 236 байқаушысынан басқа 19 мемлекеттен шетелдік БАҚ-тардың ҚР СІМ аккредиттеген 98 өкілі байқауды жүзеге асыра алады.
"Біз халықаралық байқау институты демократияны дамытудың қажетті және міндетті шарты ретінде демократиялық сайлаудың өткізілуін, сондай-ақ азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудегі маңызды элемент деп есептейміз» - деп атап өтті ОСК мүшесі.
Пиккеринг ханым әңгіме барысында қазақстандық сайлау жүйесінің ерекшеліктеріне, кандидаттардың сайлауалды үгітін қаржыландыру түрлеріне, дауыс беру күні сайлаушылардың келуіне және басқа да сайлау рәсімдеріне қатысты өзекті мәселелерге қызығушылық танытты.
Сонымен қатар Пиккеринг ханым алдағы сайлауды байқау процесіне елшілік қызметкерлерінің қатысуы туралы тілегін білдірді.
Кездесу соңында М. Сәрсембаев екі елдегі электораттық процестерді дамыту туралы тәжірибе мен ақпарат алмасу мақсатында одан арғы ынтымақтастыққа деген сенімін білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері