ҚР Парламентінің депуттары ТүркПА комисиясының отырысына қатысты

2 Сәуір, 2015 20:23
ҚР Парламентінің депутаттары Анкарада өткен ТүркПА комисиясының отырысына қатысты, деп хабарлайды Сенат өкілдері.

2 сәуірде Парламенті Сенатының депутаты Серік Біләлов пен Мәжіліс депутаты Еркін Шпанов Анкарада Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының қоршаған орта және табиғи ресурстар жөніндегі комиссиясының бірінші отырысына қатысты.

Шөлденумен күрес мәселелеріне арналған отырыста комиссияның есепті баяндамасы мен ұсынымдары тыңдалды, сондай-ақ БҰҰ Шөлденумен күрес жөніндегі конвенциясының ережелерін іске асыру барысы талқыланды.

 

Барлық жаңалықтар