• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық қазылар Халықаралық Қазылар Қауымдастығының 56-шы отырысының жұмысына қатысты

Қазақстандық қазылар Халықаралық Қазылар Қауымдастығының 56-шы отырысының жұмысына қатысты

8 Қазан, 2013 17:14
Ялтада Халықаралық Қазылар Қауымдастығының 56-шы отырысы болып өтті, деп ҚР Жоғары соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Аймақтық топтар кездесуінің қорытындысы бойынша ХҚҚ-ның президенті Герхард Рейснер арнайы комиссия ашуды тапсырды, ол Қауымдастықтың одан әрі дамуын қарастырады», - деп хабарламада жазылған.

Қазақстандық делегат сараптамалық тексеріс жұмысына да қатысты, бұл жерде мамандар тәжірибе алмасып, қазылық жұмыстың қыр-сырын талқылады.

Азаматтық  реформалық үрдіс туралы Ақмола облыстық сотының төрағасы Ақжан Ештай баяндады. Ол Қазақстанда қазылық жұмысты дамыту мен сот жүйесін жеңілдету жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда әрекеттердің барлығы электронды түрге көшіп жатқандығы алға тартылды.

 

 

Барлық жаңалықтар