• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаевқа «Зенит» зауыты катерлері мен кемелерінің макеттері таныстырылды

Н.Назарбаевқа «Зенит» зауыты катерлері мен кемелерінің макеттері таныстырылды

2 Сәуір, 2015 18:28
Мемлекет басшысы «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-да болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Зауытқа келген Елбасы катерлер мен кемелердің макеттері қойылған көрмені аралап көрді.  

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ еңбек ұжымының мүшелерімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы кеме жасау отандық экономикадағы жаңа сала екенін, оның шығаратын өніміне нарықта сұраныс бар екенін айтты. Қазақстан Президенті индустриялық-инновациялық даму осындай кәсіпорындарға арқа сүйейтініне назар аударды.

Әңгіме барысында зауыт жұмысшылары елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларға қолдау білдіре отырып, өз табыстары туралы баяндады.

Кәсіпорын арнаулы техника, мұнай-газ саласы үшін жабдықталған катер және кемелер сияқты өнімдер шығарады. Зауыт технологиялық үдерістердің кең ауқымын қажет ететін конструкциясы күрделі әрі қиын бұйымдар жасауға бағытталған.

 

 

Барлық жаңалықтар