- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ басшысы Душанбеде ҰҚКҰ Сыртқы істер министрлер Кеңесіне қатысты
ҚР СІМ басшысы Душанбеде ҰҚКҰ Сыртқы істер министрлер Кеңесіне қатысты
Тар форматта өткен кездесуде ҰҚКҰ мүше мемлекеттерінің сыртқы саяси мекеме басшылары халықаралық саясат пен Ұйымның қысқа мерзімді болашақта дамуы жөніндегі өзекті мәселелерді талқыға салды.Пленарлық отырысқа ЕҚЫҰ ағымды төрағасы, Сербия Премьер-Министрінің орынбасары Сыртқы істер министрі И. Дачич, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі Өңірлік Орталығының басшысы М. Енча қатысты.
Қатысушылар халықаралық және аймақтық ұйымдардың ынтымақтастығын нығайту және олардың Ауғанстандағы жағдайдың өрбуі аясында Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін арттыру мәселелері бойынша жемісті пікір алмасты.
«ҰҚКҰ министрлер Кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Е.Ыдырысов әлемдегі тұрақсыздықтың өрбуіне тоқтала келе, тар форматтағы пікір алмасу барысында тараптар Украина мен Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударғанын атап өтті. ҚР СІМ басшысы ҰҚКҰ қызметінің бейбіт сипаты мен оның кез келген мәселелерді сындарлы, бейбіт және саяси жолдармен шешуге дайындығы мен ұстанымын ерекше айтып өтті», - делінген хабарламада.
«Ислам мемлекеті» өкілдерінің Ауғанстан аумағында пайда болуы ол жақтағы жағдайдың сапалы өзгергенін атап өткен жөн», - деді Е. Ыдырысов. «Біз ҰҚКҰ шеңберінде бұл мәселемен нақты айналысу, оны егжей-тегжейлі зерттеп, біздің өңірге қауіп төндіріп тұрған жаңа қатерлерге қарсы іс-қимылдар алгоритмін жасап шығару туралы келісімге қол жеткіздік».
Сондай-ақ, Е. Ыдырысов өз сөзінде Қазақстан өкілі А. Жанқұлиевті ҰҚКҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне кірісуімен құттықтады.
Отырыс қорытындысы бойынша 2015 жылғы бірлескен мәлімдемелер тақырыптарының Тізімі мен ҰҚКҰ мүше мемлекеттері өкілдерінің 2015 жылғы екінші жартыжылдық пен 2016 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған сыртқы саясат, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі кеңестер Жоспары қабылданды. Сонымен қатар, 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына байланысты ҰҚКҰ Сыртқы істер министрлерінің Мәлімдемесі қабылданды. Сонымен қоса, Сыртқы істер министрлер Кеңесінің келесі отырысын ҰҚКҰ ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы қарсаңында Душанбе қаласында 2015 жылдың ерте күзінде өткізу туралы шешім қабылданды.
Ұйым шеңберіндегі өзекті мәселелерді, өңірдегі жағдай мен Душанбенің мемлекеттік басымдықтарын талқылау мақсатында ҰҚКҰ мүше мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерін Тәжікстан Президенті Э. Рахмон қабылдады.
Сондай-ақ, Е. Ыдырысов сапары аясында өзінің тәжікстандық әріптесі Сироджидин Асловпен кездесіп, Қазақстан Президентінің Тәжікстанға сапарын дайындау мәселелері, екіжақты қарым-қатынас пен халықаралық күн тәртібінің түрлі аспектілерін талқылады.
Кездесу шеңберінде тараптар халықаралық және өңірлік құрылымдардағы өзара ықпалдастықтың жемістілігін атап өтіп, тауар айналымның өсуіне ризашылықтарын жасырмады. 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында тауар айналымы көлемі 700,4 млн. АҚШ долларын құрған (экспорт - 518,9 млн. АҚШ доллары, импорт - 181,5млн. долл.), бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 23%-ға өскен. Қазақстан Тәжікстан үшін Ресейден кейінгі екінші орындағы сыртқы сауда әріптесі болып табылады.
Кезекті отырысы 19-20 наурыз аралығында Душанбеде өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-тәжікстан Үкіметаралық комиссиясының жұмысы ерекше атап өтілді. Тараптар екіжақты қарым-қатынастың негізгі басымдығы тау-кен өндірісі, түсті металл, машина жасау, энергетика, жеңіл өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салаларындағы ыгтымақтастықты белсендетуге бағытталуы тиіс екенін айтып өтті.
Сонымен қатар, Е. Ыдырысов Душанбеге сапары аясында И. Дачичпен екіжақты кездесу өткізіп, оның барысында екіжақты формата да, ЕҚЫҰ форматында да ынтымақтасу болашағы қарастырылды. Мұндай ықпалдастықтың ЕҚЫҰ кеңістігінде орын алып отырған күрделі кезеңде және 2015 жылдың жазында Ұйымға 40 жыл толуы кезінде өте маңызды екендігі атап өтілді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты