Астана Чехиямен іскерлік қатынастарды тереңдетпекші

2 Сәуір, 2015 19:53
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы Чехиялық - Ортаазиялық Сауда Палатасымен бірге қазақстандық-чехиялық халықаралық ынтымақтастықты арттыруды қолдау мақсатында кәсіпкерлердің бизнес-кездесуін өткізді.

Чехия өкілдері өздеріне ұсынылған Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен іскерлік мүмкіндіктерін жоғары бағалайды. Олар осы елдегі құрылыс жұмыстары жүргізу мен елдің инфрақұрылымды жаңғырту ісіне қатысуға ынталы. Сонымен қатар, олар заманауй еуропалық технологиялар трансферті мен Чехия экспорты банкінің қолдауымен Чехияның элиталы өндіріс кәсіпорындарының елімізде қызмет көрсеткенін қалайды.     

«Тарих  бедеріне көз салатын болсақ, Чехия бізге жақын және біз бұл мемлекеттің әлеуетінің өте зор екенін де білеміз. Бізде әріптестерімізден үйренетін нәрсе көп. Бүгін Чехиялық кәсіпкерлермен ынтымақтасу үшін Астананың өзінен 40 кәсіпкер келді. Біз үшін тәжірибе алмасып, бірлескен кәсіпорындар құруда чехиялық инвестициялардың маңызы зор. Мен бүгінгі алаңның екіжақты тиімді байланыстарды нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін»,-деді Астана қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейрбек Мажитов.  

Астаналық кәсіпкерлер кездесу аясында MANE (құрылыс), ENERGON (энергетика, жылу, ТҮКШ), Boghemia Muller (энергетика, жылу, ТҮКШ), Ciglar Masrani Architecs (сәулет, жобалау, инжиниринг), Garnets Consulting (су шаруашылығы, құрылыс, баламалы энергия көздері, санация), IBG (батарея, резервті энергия) компанияларының үлгілерімен танысты.  

Барлық жаңалықтар