Сауле Өмірбекова

8 Қазан, 2013 17:02

Анықтама:

Сауле Өмірбекова 1968 жылы дүниеге келді. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

1991 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын тарих және құқық мамандығы бойынша тәмамдады.

Өзінің қызметтік жолын Ақтөбе педагогикалық институтында лаборанттықтан бастады.

1993-1997 жылдары оқытушы, бөлім меңгерушісі мен Қазтұтыну кеңесі техникумы директорының орынбасары болып қызмет етті. Бес жыл ішінде «Рауан»  кедендік-қаржылық колледжінің директоры болды.

 2002 жылы мемлекеттік қызметке орналасып, 2004 жылдың сәуір айына дейін Ақтөбе қалалық әкімдігі әлеуметтік сала мониторингі мен мәдени даму бөлімінің бастығы қызметінде болды.

 2004 жылы облыстық кәсіпкерлікті қолдау департаментіне ауысты.

 2005 жылдың қаңтар айында облыстық әкім аппаратының бөлім ұйымдастырушысы меңгерушілігіне тағайындалды.

 2007 жылдың қарашасында Ақтөбе облыстық балалардың құқын қорғау департаменті директоры орынбасары қызметіне кірісті.

 2009 қазаны мен 2011 қараша айлары арасында Ақтөбе қаласындағы № 23 мектеп лицейінің директоры болды.

 Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік  мектебі» АББҚ директоры  қызметінде, қалалық мәслихат депутаты.

 «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағытына» сәйкес, заманауи білім үш негізгі элементтен тұрады: шығармашылық, рухани құндылықтар және жылдам өзгеретін әлемде өмір ағысына дайын болу. Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік  мектебі» АББҚ аталмыш мақсаттарды жоғары дәрежеде іске асырып келеді.

Оқушылардың шығармашылық өрлеуі үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі таңдау пәндері, таңдау бойынша түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Отанымыздың патриоттарын тәрбиелей отырып білім ордасының ұстаздары халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын таныстыру және сіңіру мақсатында әлеуметтік жобаларға, акциялар мен түрлі шараларға ат салысады.

 Білім ордасының шәкірттері тәжірбие алмасу және тіл жетілдіру мақсатында әр түрлі пән бойынша шет елдердегі халықаралық олимпиадаларға қатысу мүмкіндіктеріне ие. Біздің еліміздің білім беру саласындағы негізгі артықшылықтарының бірі көп сатылы грант және білім беру жүйесінің қалыптастырылуы, аймақтық мамандануды ескере отырып қолданбалы және еліміз бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу оқу орындары жүйесін құруы.

«Назарбаев зияткерлік мектебіне» түсу үшін әр үміткер сынақтан өтеді. Солардың ең үздіктері «Өркен» білім беру грантын ұтып алады.

Аталмыш мектептің ұстаздар ұжымы педагогтарға қатысты барлық талаптарға сай келдеді: жоғарғы және бірінші категорияға ие, мемлекеттік және ресми тілді еркін меңгерген, күн сайын ағылшын тілі бойынша білімдерін жетілдіреді, білім берудің заманауи технологияларын қолдананады, шәкірттері халықаралық және республикалық дәрежедегі жарыстардан жүлделі оралады.