- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында ҰОС ардагеріне мүгедектер арбасы сыйға тартылды
Ақмола облысында ҰОС ардагеріне мүгедектер арбасы сыйға тартылды
Аудан әкімінің қабылдауында болған 96 жасар Ұлы Отан Соғысының ардагері Құныбай Жаныбаев аудан басшысына жүріп-тұру үшін арбасының жоқтығын айтып мұңын шаққан.
Зеренді ауданының әкімі Мұратұлы Асқар бұл өтінішті жерге қалдыра алмай, Құныбай ақсақалға мүгедектер арбасын сыйға тартты. Мұндай тосын сыйға қатты қуанған Құныбай ақсақал өзінің алғысын айтып, ақ батасын берді.
ҰОС қатысушысы Құныбай Жаныбаев 1921 жылдың 15 қыркүйегінде Зеренді ауданының Қошқарбай ауылында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын өзі туған ауылда мал бағудан бастаған. 1941 жылы әскер қатарына Целиноград қаласынан шақырылған.
Кавалериялық дивизияға түскен Құныбай ата Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысып, Украинаға дейін жеткен, сөйтіп сол жерде өзінің Жеңісін күтіп алған.Зайыбы Інжумен 8 бала, 15 немере және 9 шөбере тәрбиелеген.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті