ШҚО-ның Ертіс көпірінің аумағында жаңа көлік айрығы пайда болады

3 Сәуір, 2015 09:28
Шығыс Қазақстан облысының орталығында Ертіс арқылы өтетін көпірдің алдына екідеңгейлі көлік айрығының жобасы жасалуда, деп хабарлайды ШҚО-ның Ақпарат орталығы.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл ауданда эстакада салынып, осы жерде пайда болатын көлік кептелісіне қатысты мәселе шешілетін болады. Осы мәселемен және Өскен мен Семей қалаларын абаттандырумен байланысты облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжіліс барысында Шығыс Қазақстан облысының  басшысы Даниал Ахметов, жобалау жұмыстарын жеделдетіп, құрылыс жұмыстарын биыл бастауды тапсырды.

Д.Ахметов бұл бағытта дайындалуы тиіс құжаттардың нақты мерзімін бекітіп, техникалық-экономикалық негіздемелерді 15-ші мамырға дейін тапсыруды міндеттеді. Ал жобаны қаржыландыру Ұлттық экономика министрлігімен пысықталады.

Өскемен мен Семей қалаларын аббаттандыру бағытында әкім жобаларды көріп, ол бойынша тиісті міндеттер жүктеді.

«Қала орталығы жастар үшін тартымды болуы керек. Біз бұл аймақты мүмкіндігінше адамдарға тартымды болатындай әдемі, түрлі-түсті болуын қарастыруымыз керек»,-деді ол Өскеменнің орталық алаңында.

 

 

Барлық жаңалықтар