- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада халықаралық сарапшылар сыбайлас жемқорлықты түйсінудің Ұлттық индексі әдіснамасын талқылады (Фото)
Астанада халықаралық сарапшылар сыбайлас жемқорлықты түйсінудің Ұлттық индексі әдіснамасын талқылады (Фото)
«СЖТҰИ-ді жасау идеясы, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл партиялық Бағдарламасының тиімділігін бақылау мақсатында, сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейін ұдайы түрде өлшеу қажеттілігінен туындады»,- деп атап өттіНұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының Директоры Саясат Нұрбек.
Бұл бағдарлама 2014 жылдың қарашасында өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында қабылданғанын айта кеткен жөн. 2014 жылдың желтоқсанында 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасы мақұлданды. СЖТҰИ-ді әзірлеу сыбайлас жемқорлықты зерттеу саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылардың белсене атсалысуымен, «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институытмен жүзеге асырылуда.
Семинар барысында Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің шетелдік сарапшылармен сыбайлас жемқорлықты түйсінуді зерттеудің халықаралық тәжірибелері мен әлемге танымал Трансперенси Интернешнл және Әлемдік банк секілді сыбайлас жемқорлықты түйсінудің индекстерінің сапасы мен сенімділігі туралы есептер презентация түрінде ұсынылды.
Қоғамдық саясат институтымен СЖТҰИ-дің әзірленген әдіснамасының жобасы ұсынылды. Әдіснаманы талқылауға Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің, Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің халықаралық сарапшылары мен белді қазақстанддық сарапшылар қатысты.
Жалпы, Институтпен әзірленген СЖТҰИ-дің әдіснамасы халықаралық сарапшылардың қолдауы мен мақұлдауына ие болды. Сондай-ақ, семинарға қатысушылардың тарапынан ұсыныстар мен кеңестер айтылды. Айтылған ұсыныстар мен кеңестер СЖТҰИ-ды түзету барысында ескерілетін болады.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі