Елбасы БҚО-ның этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

2 Сәуір, 2015 15:18
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҚО-ның этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Салтанат сарайында этномәдени бірлестіктер, зиялы қауым өкілдері және ауған соғысы ардагерлерімен кездесті. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің маңыздылығын атап өтті.

«Тек қана сыйластық пен толеранттылықтың арқасында елдің тұрақтылығы сақталады. Мен үнемі Қазақстанның бірлігі есебінде алға жылжып отырғандығын айтып отырамын. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы келе жатар. Біздің бақытымыз – жеңіске жеткен бабаның ұрпағымыз. Біз ардагерлерімізді құрметтеп, жастарды оларды құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек. Сондай-ақ, осы жылы біз өзге де маңызды мерекелерді атап өтеміз», - деді Н.Назарбаев.

Өз кезегінде қатысушылар барлық этнос өкілдерінің атынан елімізде ұлтаралық татулық негізінде бейбітшілік пен келісім салтанат құрып отырғанын, білім, мәдениет, тілдерді дамыту саласында көптеген жұмыстар қолға алынғанын, ең бастысы, Қазақстан болашағы халық бірлігіне негізделгені үшін Елбасына алғыс білдірді.

Барлық жаңалықтар