- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда оқушылар арасында «Менің ЭКСПО-2017 көрмесіне қосар үлесім» эссе байқауы басталды
Қазақстанда оқушылар арасында «Менің ЭКСПО-2017 көрмесіне қосар үлесім» эссе байқауы басталды
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы ҚР Білім министрлігімен бірлесе Қазақстан мектептері мен колледждерінің оқушылары арасында білім беру жобаларын бастамақ. Бұл жобалар шеңберінде пікір-сайыстар, шығармашылық байқаулар мен ақыл-ой ұшқырлығына арналған ойындар секілді сан-алуан шаралар жоспарланып отыр.
Жас буын – бұл ЭКСПО жобасы шеңберінде қамтылуы көзделіп отырған нысаналы топтардың бірі. Олардың білімділігі мен ақпараттану деңгейі Қазақстанның келешектегі тұрақты дамуын қамтамасыз етпек. Жоба жастар арасында ЭКСПО-2017 тақырыбын насихаттауға бағытталған, ол қоршаған ортаға ерекше назар аудару мәселелері және көрме тақырыбы – «Болашақ энергиясы» туралы оқушылардың хабардарлығын көтеруге арналған.
Білім беру жобалар топтамасы ішіндегі алғашқы байқау «Менің ЭКСПО-2017 көрмесіне қосар үлесім. Қазақстан экономикасын өзімнің болашақ кәсібім арқылы «жасылдандырудың» жолдары» тақырыбына арналған эссені жазуға арналған. Ол 2015 жылдың 1 сәуірінде басталады. Аталған байқауды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ «MyChina» білім беру орталығымен ынтымақтаса отырып, ҚР БҒМ-нің қолдау көрсетуімен және «Жасыл Ел» Жастар еңбек жасақтары республикалық штабының белсенді атсалысуымен ұйымдастырып отыр.
Жеңімпаздар Қытайдың Тау-кен ісі және технологиялар университетінде оқуға арналған гранттармен марапатталып, сондай-ақ, ЭКСПО 2015 көрмесінде Қазақстанды таныстыру үшін стендшілер ретінде Миланға баруға мүмкіндік алады.
2015 жылдың 1 сәуірінен бастап 1 мамыр аралығында өтетін байқауға Қазақстанның мектептері мен колледждерінде оқитын 2015 оқу жылының барлық түлектері қатыса алады. Қатысушылар ұсынылған келесі тақырыптардың біреуіне арналған эссені 2015 жылдың 1 мамырына дейін жіберуі керек: «ЭКСПО көрмесін өткізудің менің елім үшін маңыздылығы», «Қазіргі заманғы әлем үшін «жасыл технологиялардың» маңыздылығы» немесе «Менің кәсібім және Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына менің қосар үлесім». Эссені орыс, қазақ немесе ағылшын тілдерінде жазуға болады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті