• Басты
  • Жаңалықтар
  • Халықаралық сарапшылар жемқорлықты қабылдау тәсілі мен әдістемесін зерттеу тәжірибелерімен бөлісті

Халықаралық сарапшылар жемқорлықты қабылдау тәсілі мен әдістемесін зерттеу тәжірибелерімен бөлісті

2 Сәуір, 2015 11:01
Бүгін Астанада «Жемқорлықты қабылдаудың ұлттық индексінің әдістемесін дайындау» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Шараны «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институты мен Назарбаев университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі ұйымдастырды.    

Кеңес барысында Назарбаев университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің шетелдік сарапшыларының жемқорлықты қабылдауды зерттеудің халықаралық тәжірибесі және Транспаренси Интернешнл мен Бүкіәлемдік бантктің әлемге белгілі жемқорлықты қабылдау индекстеріне деген сенім мен сапа мәселелеріне қатысты баяндамалары таныстырылды.    

«Бүгінгі кеңестің мақсаты – жемқорлықты бағалаудың түрлі әдістемелерін қарап көру. Бүгін біз халықаралық тәжірибеде қолданылып отырған көптеген тәсілдерді қарап, Қазақстанның жағдайында олардың қайсысын пайдалануға болады, ал қайсысын пайдалануға болмайды деген мәселені анықтаймыз. Қазақстанның өзіне ыңғайластырылған әдістемемен жұмыс істеудің маңызы зор. Өйткені халықаралық өлшем әдістерінің барлығын бірдей қолдана беруге болмайды және олардың барлығын толық деуге келмейді. Сондықтан қазақстандық институттың жемқорлықты қабылдау өлшемдері бойынша өзінің әдістемесін дайындауға күш салуы өте дұрыс», -деді Назарбаев университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Рикардо Пелиццо.    

Оның сөзінше,  «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының өкілдері жемқорлықты қабылдаудың ұлттық индексін дайындауда крос-секторалды және крос-платформалық көзқарасты ұстанып отыр. Яғни жемқорлықты қабылдауды бағалау тұрғындар арасында да, кәсіпкерлер арасында да жүргізіледі.  

«Бұл өте дұрыс көзқарас, әдетте халықаралық зерттеулерде жемқорлықты қабылдау өлшемдері бүкіл мемлекет бойынша жүргізіледі. Ал, қазақстандықтардың әдісі мемлекеттік орган өкілдеріне жемқорлықтың қай салада көп екендігін нақты анықтап,  тиісті шаралар қолдануға мол мүмкіндік береді», -деді Рикардо Пелиццо.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар