- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанайда 2015 жылғы көктемгі дала жұмыстарына қатысты агрономиялық мәжіліс өтуде
Қостанайда 2015 жылғы көктемгі дала жұмыстарына қатысты агрономиялық мәжіліс өтуде
Қостанайдың спорт сарайында және оған қарасты аймақта «Агронауқан-2015» ауыл шаруашылығы көрмесі өтуде. Көрмені облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастыруда және ол екі күн қатарынын өтеді.
Көрме аясында облыстың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін 4 бағыт бойынша секциялар жұмыс істеуде. Олар: механизация, мал шаруашылығы мен қайта өңдеу, тұқым шаруашылығы және гербицидтер. Қостанай облысының 60 кәсіпорны мен Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары және Мәскеу қаласы мен Ресей Федерациясының Челябі облысының өкілдері қостанайлық аграрилерге өздерінің өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ көрмеде 35 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен құрылғылары қойылды.
Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, мұндай ауыл шаруашылығы көрмесі жылына екі рет ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар агрокеңестің пленарлық мәжілісі өтеді. Пленарлық отырысқа қалалар мен аудан әкімдері және облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары мен дәнді дақылдармен айналысатын барлық ұйым, мекеме өкілдері атсалысады. Онда Қостанай облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша өзекті деген мәселелер талқыға түседі.
«Біз өткеннен сабақ ала білуіміз керек. Өйткені көктемгі-дала жұмыстарын өткізу өте жауапты әрі жанкешті еңбекті талап ететін кезең. Оған барлық күш-жігерді жұмылдырып, науқанды уақытында әрі жоғары агротехникалық деңгейде аяқтау қажет»,- деді облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер