- Басты
- ҚДБ өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын қаржыландыруға 50 млрд теңге бағыттады
ҚДБ өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын қаржыландыруға 50 млрд теңге бағыттады

ҚДБ хабарлағандай, ұзақ мерзімді несие қаражаты «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы) несие келісімдерін бекіткен он екі екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) арасында үлестірілді. Жеңілдікті қаржыландыруды химия және металлургия, азық-түлік, сусын, киім-кешек, қағаз бұйымдар, жиһаз, кокс және қайта өңделген мұнай өнімдерін, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмек және т.б. өндіру өнеркәсібіндегі кәсіпорындар алады (жалпы 23 сала).
Осылай, ҚДБ Жаңа «Нұрлы Жол» экономикалық саясатының шеңберінде Ұлттық қордан өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыруға бөлінген қаражаттың екінші траншын игеруге кірісті.
Бекітілген шарттарға сәйкес, екінші транш қаражатының ең көбі 50% жаңа жобаларды қаржыландыруға, ең көбі 25% - бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыруға және ең көбі 25% - айналым капиталын толықтыруға жұмсалу керек.
Бұрын айтылғандай, өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыруға бөлінген 50 млрд теңге көліміндегі Ұлттық қордың бірінші траншы ҚДБ-ға «Бәйтерек» Холдингісінен 2014 жылдың желтоқсанында түсті. Ағымдағы жылдың 26 наурызындағы жағдайда бірінші транш қаражатынынң есебінен 9 коммерциялық банк жалпы сомасы 20,3 млрд теңгені құрайтын 15 жобаны мақұлдады. 8 жоба бойынша 4,4 млрд теңгеге қаржыландыру басталды.
-
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар
-
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді
-
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді
-
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты
-
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды
-
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды
-
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды
-
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді
-
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді
-
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады
-
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті
-
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген онлайн аукцион қазынаға 61 млрд теңге әкелді
-
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді
-
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

