- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 457 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда
Ақтөбе облысында 457 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда
Басқарма таратқан ақпараттар бойынша, бұл тұрғын үйлердің арасында тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы несиеге берілетін, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға жалға берілетін, жас отбасыларға кейін сатып алу үшін жалға берілетін, сондай-ақ «Қазақстандық несие компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы берілетін жеке және коммерциялық үйлер бар.
Хабарламада айтылғанындай, аймақта өндіріс саласында айтарлықтай өзгерістер бар, жаңа әлеуметтік нысандар мен құрылыстар бой көтермек. Осы мәселелерді шешу мақсатында ҚР Ұлттық қорынан 9,5 миллиард теңге көлемінде мақсатты трансферттер бөлінді.
2015 жылы республикалық бюджет есебінен несиелік тұрғын үй салу бойынша «Нұр Ақтөбе» шағын ауданынан 3 көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда. Өз кезегінде ол 540 отбасын барлық мүмкіндіктер жасалған пәтерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл мақсатқа 1,98 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылған.
Жас отбасыларға арналған жалдамалы пәтерлер тек облыс орталығында ғана салынады. Осындай 324 пәтерлі тұрғын үй биылғы жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға берілмек.
2015 жылы инженерлік желілерді орналастыру үшін республикалық бюджеттен 434,2 миллион теңге қарастырылған. Ал жалдамалы үйлердің инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін Ұлттық қордан 329,3 теңге бөлінбек.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары