• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ауыл шаруашылығының қоры Қазақстанның АӨК жобаларын инвестициялайды - ҚазАгро

Ауыл шаруашылығының қоры Қазақстанның АӨК жобаларын инвестициялайды - ҚазАгро

2 Сәуір, 2015 10:46
«ҚазАгро» Холдингі Венгрияның Эксимбанкімен бірлесе Қазақстандық ауыл шаруашылық даму қорын құру бойынша жұмыс өткізуде. Қазіргі уақытта екі жақ Қордың негізгі жұмыс істеу қағидаларын анықтау сұрақтарын шешті және инвестициялау шарттарын бекітетін құжатқа қол қою жоспарлануда, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ.

Қордың мақсаты - Қазақстанның агроөндірістік саласына инвестициялау болып табылады. Қордың жарғылық капиталының көлемі 40 млн. АҚШ долларын құрайды, Холдинг пен венгриялық жақтың тараптық үлестері 50 пайыздан. Венгриялық жақтан серіктес - Венгриялық экспорттық-импорттық банк  болып табылады.

Қор Қазақстанның ауыл шаруашылық саласында және азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу саласында жұмыс істеуші компанияларға Инвестицияларды бағыттайды.

ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.

 

 

Барлық жаңалықтар